• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2022

Әлихан Смайылов қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

299 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов шахтадағы апат кезінде қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Ленин атындағы» шахтасында апат орын алды. Соңғы мәліметтерге сәйкес бес кенші қайтыс болды. Осыған байланысты менің өкіміммен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді», деп жазды Әлихан Смайылов өзінің Facebook парақшасында.   Оның айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі.   «Биыл жазда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын. Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», деді Премьер-Министр.