• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2022

Рақымшылыққа ілінгендер қашан босатылады?

5832 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілінген азаматтар қашан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен сізге нақты мерзім айта алмаймын, өйткені бірқатар іс әлі де алдын ала тергеу органдарының өндірісінде жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша тергеу шаралары толығымен жүргізіледі. Іс сотқа жіберіледі, сот бұл істі қарайды және тек үкім шығарылған кезде ғана сот рақымшылық актісін қолданады. «Рақымшылық туралы» заңда осындай норма бар, уәкілетті органдар алты ай ішінде барлық ұйымдастырушылық шараларды қабылдауы тиіс», деді Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, сот мұндай істерді бір ай ішінде қарауға құқылы.

«Егер адамды бас бостандығынан айыру үкімі шығарылса, мекеме әкімшілігі немесе адамның өзі сотқа рақымшылық жасау актісін қолдану туралы өтінішхат жібереді. Заң бойынша сот оны бір ай мерзімде қарауы мүмкін. Содан кейін сот шешім шығарады. Егер адам орташа және жеңіл істер бойынша сотталған болса, ол жазадан босатылады. Бұл жағдайда ол бірден босатылуы мүмкін. Егер жаза мерзімі қысқартылса, онда ол қалған мерзімін өтеуі керек», деп қосты Бас прокуратура өкілі.