Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 51 адам тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.