ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен жалпы құны 54 млн теңге 165 тонна көлемінде елден заңсыз әкету фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға жөнелтілгелі тұрған тұсынан ұсталды.
«Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұрын сатылған бензиннің құны - 54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді», делінген ведомство ақпаратында.
Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.