Алматы қаласында «Ислам әлемінің қасиетті орындары» (орыс тілінде – «Святыни Исламского Мира») кітабының тұсаукесері болды. Кітап авторы белгілі дінтанушы, қаламынан бірнеше ғылыми еңбектер туындаған Аманкелді Әбдіхалық. Ол – 2007 жылдан бері «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті. 2011 жылы халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, имандылық саласында жүргізген еңбегі үшін халықаралық «Ата Түрік» алтын медалімен марапатталған.
Бұл тұсаукесерге еліміздің Діни басқарма өкілдері, танымал спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибрагимов, әншілер Ақжол Мейірбеков, Роза Әл-Қожа, Жәкен Омаров, қажылар мен әр облыстардан келген қонақтар қатысты.
Бұл кітапта Сауд Арабиясы мен Палестина аймағындағы киелі орындар кеңінен сипатталған. Мекке, Мәдина және Иерусалим қалаларының бай тарихы, олардың Ислам дүниесіндегі әртүрлі тарихи кезеңдерде болған өзгерістері жөнінде баяндалады. Сонымен қатар, бұл кітапта автордың еңбек жолында өзі көріп куә болған өнегелер мен қажылардың естелік мақалалары берілген.
Аталмыш еңбек дін мамандары мен имамдарға және көпшілік қауымға арналған.
Қайсар СЕРДӘЛИН.
АЛМАТЫ.
Суретте: қазақша, орысша кітап мұқабасының суреті.