• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қараша, 2022

Филиппиндегі дауыл құрбандарының саны 156-ға жетті

181 рет
көрсетілді

Филиппинде «Налджи» тропикалық дауылынан 4,62 миллионнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дауыл салдарынан 954 эвакуациялық орталықта 1,02 миллион адам қоныс аударған. 355,4 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Кем дегенде 141 адам түрлі дене жарақатын алды, 37 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

«Налджи» тропикалық дауылы Филиппиннің солтүстігіне қарай бет алды.

Филиппинде жыл сайын орта есеппен 20 тайфун мен дауыл соғады, салдарынан адамдар қаза тауып, үйлер, жолдар мен көпірлер қирайды.