• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2022

Риддерде төтенше жағдай: 22 мың абонент жылусыз отыр

5400 рет
көрсетілді

«Риддер ЖЭО» АҚ-да болған апатқа байланысты Риддерде төтенше жағдай жарияланды, соның салдарынан 22 мың абонент жылусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.

5 қараша күні, сағат 20:00-де «Риддер ЖЭО» АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, нәтижесінде №1 қазандық блогының қосалқы жабдықтары апатты жағдайда тоқтап, салқындатқыш сұйықтықтың температурасы төмендеген еді. Осыған байланысты қазір қаланың 22 мыңнан астам абоненті жылусыз отыр.

7 қарашадан бастап Риддер мектептерінің оқушылары қашықтықтан оқытуға көшсе, қаланың мектепке дейінгі мекемелері де жұмысын уақытша тоқтатады.

Төтенже жағдайға байланысты штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ жылу орталығына Согринская және Өскемен жылу электр станциялары, «Өскемен жылу желілері» АҚ, «ОЭСК» АҚ (РЭК) мамандары тартылған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта күл шығару жүйесіндегі қозғалтқыш ауыстырылып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ЖЭО-ға 120 тонна мазут жеткізілді, жанармай жөнелту жалғасуда.

Төтенше жағдайды жою үшін «Қазцинк» ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам жұмысшыны жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша техника бөлді. Сондай-ақ, Өскеменнен жылу қызметкерлеріне көмекке «Востоквзрывпром» ЖШС-нің 20 қызметкері келді.

Қазір жағдай бақылауда.