Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 20 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 қарашадағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 719 адам ем қабылдап жатыр, олардың ішінде 86 науқас стационарда, 633 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
Індетке шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.