• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Өңір басшысы ауысты

386 рет
көрсетілді

Кеше Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы болып, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың Сергей Кулагинді Ақмола облы­сының әкімі лауазымына тағайындау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Сессия мен облыс активінің жиналысына қатысқан Қазақ­стан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Басшысы Нұр­лан Нығматулин Елбасы Жар­лығымен С.Кулагин Ақмола облысының әкімі болып тағай­ындалғанын хабарлады. Ақмола облысының әкімі С.Кулагин Елбасының жоғары сеніміне алғысын білдіріп, алға қойылған тапсырмаларды орындауға тәжірибесі мен күш-жігерін сарқа жұмсайтынын айтты. С.В.Кулагин бұған дей­ін, 1998-2004 жылдары Ақмо­ла облысының әкімі бол­ған еді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.