57 жасында белгілі қоғам қайраткері, «ОҚ-ЖЕТПЕС» сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қайрат Шерәліұлы Қазақстандағы ірі денсаулық сақтау мекемелерін басқара отырып, курорттық бизнестің дамуына үлкен үлес қосты. Өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
2019 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қайрат Беркінбаев мемлекеттік награда – ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.