Кеше Ақордада Қазақстан Респубикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды.
Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рәсімінен кейін 365 үміткер әңгімелесуге жіберілді.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды.
Резервшілердің толық тізімі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланатын болады.