Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Маңғыстау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев;
«Құрмет» орденімен «Мамандандырылған IT-лицей» КММ мұғалімі Людмила Николаевна Рябова;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Мұрсалқызы Дүйсембаева;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаев;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Акжол+К» ЖШС шебері Феруза Бисенбайқызы Қаракесекова марапатталды.