KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,40 теңгені (-0,09) құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,55 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 64,23 теңгені (+0,19) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуроны 453,86 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 465-468,5 теңгеден, еуроны - 459-465 теңгеден, ресей рублін - 7,05-7,25 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 7 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Сонымен, Brent маркалы мұнайға қаңтар фьючерстерінің құны 0,99%-ға төмендеп, барреліне 97,59 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 1,26%-ға төмендеп, барреліне 91,44 долларды құрады.