• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 07 Қараша, 2022

ЖРВИ өршіп тұр: Мектеп оқушылары қашықтан оқи ма?

372 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық оқушылар ЖРВИ және тұмау аурулары көтерілген жағдайда қашықтықтан оқытуға ауыса алатынын мәлімдеді. Алайда Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсынысты қолдамады, деп жазады Egemen.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсіндіргендей, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, ЖРВИ мен тұмау ауруының жоғарылауы оқушылардың қашықтықтан оқытуға көшуіне болады.

«Бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылар арасында 20-30%-ға дейінгі ЖРВИ ауруы тіркелсе,  күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңадан бала қабылдауға тыйым салу ұсынылады. Эпидемиялық процеске ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың жалпы саны 30% және одан көп болған жағдайда бір инкубациялық кезең ішінде оқушыларды онлайн-оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады», деп хабарлады комитет өкілдері.

Санитарлық дәрігерлер атап өткендей, бұған дейін мектеп оқушылары тек коронавирустың өршуіне байланысты онлайн оқуға көшкен. Тұмау мен ЖРВИ алғаш рет оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыруға себеп болуы мүмкін.

Ал Оқу-ағарту министрлігі сыныптарда ЖРВИ өршуі жағдайында балаларды онлайн оқытуға ауыстыру туралы ұсыныспен келіспейтіндерін хабарлады.

«Әлемде мектептер - бірінші болып ашылып, соңғы болып жабылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толыққанды сапалы білімі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуді маңызды деп санаймыз. Оқу-ағарту министрлігі онлайн-режимде оқыту бойынша ұсынысты қолдамайды», деп түсіндірді ведомствода.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Роза Қожанова эпидемиялық маусым басталғаннан бері Қазақстанда ЖРВИ-нің 764 247 жағдайы тіркелгенін хабарлаған еді.