• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысқан 579 адам сотталды

382 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігіне қарасты Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар айындағы оқиғалар бойынша сотталғандардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полиция 45 мыңға жуық тергеу әрекеттерін жүргізді, 16 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 3 мыңнан астам түрлі сараптамалардың қорытындысы шықты. Шамамен 350 млн теңгеге бағаланатын ұрланған мүлік тәркіленді», деді Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, 620 айыпталушының ісі сотқа жіберілген.

«Бүгінде 579 адам сотталды, оның 462-сіне бас бостандығынан айыруды көздемейтін жаза тағайындалды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 117 адам нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды. 14 сотталушыға қатысты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды», деп толықтырды С.Әділов.