• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2022

Заң бұзған Италия азаматы елден шығарылды

327 рет
көрсетілді

Қостанайлық тәртіп сақшылары Италия азаматының қос азаматтығы барын анықтап, елден шығарды, деп жазады Egemen.kz.

«2022 жылдың қазан айында облыс орталығының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2017 жылдан бастап азаматтық заңнаманы бұзған Италия азаматын анықтады», деп мәлімдеді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаев.

Бұрынғы қазақстандық шетел азаматтығын алу фактісі туралы уақытында хабарламағаны үшін, Қостанайдың әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдаған. Сот шешімі 4 қарашада жария етіліпті.

Айта кетейік, азаматтар өзге мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерін заң жүзінде хабардар етуі міндетті.