Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Өңір жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы мұнайшыларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сіздер сол аса күрделі кезеңде елімізді дамытуға атсалысып, еңбек еттіңіздер. Қазір де мемлекетімізді нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жатырсыздар. Сол үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл өңірде мұнайшылық байырғы кәсіпке айналған. Қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевтың жолын ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді», деді Президент.