• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Қараша, 2022

Жайылым мәселесі қалай шешіледі: Мәжіліс заң жобасын әзірледі

304 рет
көрсетілді

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

«Заң жобасында жер және орман кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Заң жобасының мақсаты - жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру», деді мәжілісмен Берік Оспанов палатаның жалпы отырысы барысында.

Атап айтқанда, заң жобасында жайылымдарды пайдаланбағаны үшін шаралар қатаңдатылады, халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады, жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспардың мазмұны мен қолданылу мерзімдері өзгереді, уәкілетті органдардың құзыреттері нақтыланады, шалғайдағы жайылымдарды суландыруға және жайылымдарды суаруға арналған шығындарды субсидиялау арқылы жайылымды пайдаланушыларды мемлекеттік қолдау жөніндегі нормалар көзделеді.