• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қараша, 2022

Петропавлда ЖЭО жұмысшысы қаза тапты

278 рет
көрсетілді

Петропавлдағы 2-ЖЭО-да өндірістік жарақат алған жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.Қазір істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалады.

Айта кетейік, бұл Петропавлдағы ЖЭО-2-де адам өліміне қатысты бірінші оқиға емес.

2021 жылдың қаңтарында Петропавл ЖЭО-2-де күл шығару қазандығын тазалау кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған жұмысшы қайтыс болған еді.