• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Қазан, 2022

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

114 рет
көрсетілді

Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған, 1966 жылы туған, қазақ, «Әлеуметтік және құқықтық даму институты» ЖШС директоры, Астана қаласында тұратын Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.