• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Қазан, 2022

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

60 рет
көрсетілді

Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған, 1957 жылы туған, қазақ, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі Астаналық филиалының басшысы, Астана қаласында тұратын Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.