• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Қараша, 2022

Қызжылаған

833 рет
көрсетілді

«Қанаттылар» инклюзивті театры екінші маусымды Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы желі­сінде сахналанған «Қызжылаған» премьерасымен ашты. Қойы­лымға Семей полигоны зардабынан есеймей қалған қыздың тағдыры арқау болған. Арманы – биік, көңілі асқақ Ләйлә жиылған қалың көрерменді әрі күрсінтті, әрі күлдірді, сөйте-сөйте соңында бәрімізді терең бір құздан лақтырып кеп жібергендей болды.

Өзінің бала күнгі досы Құмар­мен кездескенде Ләйлә оған де­ген сезімін жасыра алмайды. Бірақ тәні салауатты Құмар­дың алдында өзінің өспей қалған бо­йынан, ұзын қолдарынан қы­сылады. «Мені сағындың ғой, иә, Құмар?» деп еркелейді. Құмар да бүкіл шарапатын Ләйләға төгеді. Ләйлә тағ­ды­рына куә болып отырып санаң­ның бір сәтке де мүлгіп кетуі мүмкін емес. Ләйлә мен Құмардың ойы­ны әрбірі­міздің ішімізде үнсіз бұғып жатқан әлдебір құдіретті қайта тірілт­кендей, мүлгіп жатқан сезім­дерге жан бітіргендей болды. Кенет, тәлкек еткен тағдырды қайта алдыңа тартады. Спектакль музыкасы, ондағы трагедия, он­дағы адамдардың көңіл ауаны, ой ағыны, қимыл-қозғалысы қандай үйлесім тапқан десеңізші.

Апасының: «Қонақтар келгенде сен осы сықылықтап күле бермеші, сосын басыңа бантик тағып ал, бала қалпыңнан арыл­ма, сен есейген жоқсың, сен әлі баласың», деп шетқақпай жа­са­­ғанына көнбей, мұң-сырын жарық айға айтады. Оның жалғыз мұңдасы – ай. Одан кейінгі бар үміті – Құмар.

Спектакльдің қоюшы режис­сері Абзалбек Асхатұлы жаңа­шыл көзқарасымен, режиссер­лік ше­шімнің ерекше терең, ма­ғы­­налы болуымен көрерменді таң­ғалдырды.

Премьераға Ләйләнің про­тотипі, Роза Мұқанованың «Мәң­гілік бала бейнені» жазуына түрткі болған Еңлік те келді.

«Полигонның кесірінен мү­ге­­дек болып қалған жандар­дың суреттері қойылған фото­көрмеден алғаш рет Еңліктің су­ретін көрдім. Бала бейнеде өс­пей қалған жасөспірім періште қыз­дың суреті маған үлкен әңгіме жаздырды. Ол спектакльге айналды, ол кинофильмге айналды, ол қуыршақ театрында да қойыл­ды. Еліміз тәуелсіздік алмаған­да мұндай жабық тақырыптарды жаза алмаған болар едім. Тәуел­сіздіктің арқасында ашық жазып, жұртқа жеткізе алдық. Мен өзім Еңлікті бүгін бірінші рет өмірде көріп тұрмын, айналайын ғұмыр жасың ұзақ болсын, періште қыз», деді Роза Мұқанова.

Қойылымды тамашалаған Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрі Дархан Қыдырәлі де шы­ғармашылық топқа ерекше алғы­сын жеткізді.

«Тебіреніске толы керемет қо­йылымды көрдік. Біз қасі­ре­ті­мізді қасиетімізбен жеңген ха­лық­пыз. Осындай керемет шы­ғарма үшін Роза апайға алғыс айтамын. Осы туындыны орын­да­ған «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерпаздарына риза­шылығымды білдіремін. Біз сіз­дермен мақтанамыз, сіздердің шын мәнінде қанаттарыңыз бар. Осындай тазалықтарыңызбен, шы­­найы өнерлеріңізбен қалықтай беріңіздер», деді министр. 

Басты рөлдегі Ләйлә бей­не­сін спорттық биден халық­ара­­лық жа­­рыстардың чемпио­ны, ендігі ке­зек­те ғажап актри­салық қабі­ле­­тімен танылған Малика Мұх­тарова сомдаса, Құмар бей­несіндегі дебюттік рөлін жас актер Әлихан Нұр­лан­ұлы үлкен абыроймен алып шықты.