• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Елдер халық игілігі үшін ынтымақтасады

248 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қояды. Ресей, Беларусь пен Қазақстан интеграция жолымен табанды түрде алға жылжып келеді, мұның өзі қазірден-ақ барынша нақты нәтижелер мен қайтарым беріп отыр.

Владимир ПУТИН,

Ресей Федерациясының Президенті.

Егер біз Біртұтас экономикалық кеңістік көздеген мақсаттарды жүзеге асырсақ, онда Еуразиялық одақты құруға кірісе аламыз. Беларусь оны қалыптастыруға барынша белсенді қатысатын болады.

Александр ЛУКАШЕНКО,

Беларусь Республикасының Президенті.

 Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.