• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2022

Министр Жақсылықов казинода ұтылған әскерилер туралы: «тәжірибесіз жастар»

407 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Казинода 500 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған шенеуніктердің қатарында болған әскери қызметкерлермен болған жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, құмар ойындарын ойнаған әр әскери қызметкерге қызметтік тергеу тағайындалған.

«Онда әскери қызметшілер емес, әскери күштердің қызметкерлері де бар. Олардың әрқайсысы бойынша қазір қызметтік тергеу тағайындалған. Тергеу қорытындысына сүйене отырып, мен одан әрі қызметті жалғастыру туралы шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеу жүргізейік», деп түсіндірді министр Сенат отырысында.

Бұл ретте ведомство басшысы казинода ұтылғандардың жоғары құрамға қатысы жоқтығын, құмар ойнағандардың «тәжірибесіз жастар» екенін де атап өтті. 

«Бізде бәрі бар, қызметтік тергеу жүргізілуде. Бұл әскери қызметшілердің орташа құрамы. Жоғары құрамнан емес. Білесіз бе, жоғары құрамның оған уақыты жоқ, өйткені біз үнемі далада боламыз, жұмыс істейміз. Біздің әскери қызметшілер көрсетшкіші бойынша қаражат сомасы аз. Кейбір жерде жастар тәжірибесіз», деді Руслан Жақсылықов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі казинода 507 миллион теңге жоғалтқан шенеуніктер туралы мәлімдеме жасап еді.