• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2022

Заңды тұлғаларға берілген несие небәрі 3%-ға өскен

246 рет
көрсетілді

Бес жылда заңды тұлғаларға берілген несие 3% ғана, ал жеке тұлғаларға берілгені 2,5 есеге өскен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылау барысында айтылды.  

«Соңғы бес жылда заңды тұлғаларға берілген несиелер небәрі 3%-ға өскенін көріп отырмыз, бұл инфляцияны және басқаларды есепке алғанда. Осы кезеңде жеке тұлғаларға берілген несиелер 2,5 есеге өсті. Яғни, әңгіме сандардың әртүрлі реті туралы болып отыр», деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ставкалар мен салықтар өзгергеннен кейін заңды тұлғаларды несиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендірудің ұлғаюы да көрінуі керек. 

«Әзірге нәтижелер мұны көрсетпейді. Қазір біз тұтынушылық несиелеудің өскенін цифрлардан көріп отырмыз», деді М.Әшімбаев.