Қытайдың үш ірі мегаполисі – Гуанчжоу, Чунцин және Бейжіңде коронавирустың жаңа толқыны пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың 9 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде Гуанчжоуда - 2,5 мыңнан астам адам, Чунцинде – 750-ден астам адам, Бейжіңде - 100-ге жуық адам қауіпті вирус жұқтырған.
Ведомствоның мәліметінше, 9 мыңнан астам адамның 85%-ында ауру белгілері анықталмаған.
Соңғы күндері Бейжіңде инфекция жұқтыру деректерінің өскені байқалды. Қытай астанасында инфекция қаупі жоғары 200-ге жуық тұрғын үй бар.
Айта кетсек, осы жылдың тамыз айынан бастап Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалады. Өткен тәулікте Шыңжаңда COVID-19 инфекциясының 700-ге жуық жағдайы анықталды. Жағдайлардың басым көпшілігі Үрімші қаласына тиесілі.