• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2022

Атырауда депутат қатаң сынға ұшырады

246 рет
көрсетілді

Атырауда мәслихат депутатының 63 жылдық мерейтойына жылқы сыйға тартылып, депутат қатаң сынға алынды. Бұл туралы ATPress.kz жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік туға «оралған» ерекше сыйлық әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Олардың көпшілігі ауыл тұрғындарының құттықтаумен асыра сілтегенін жазған. 

Жағдайға облыс әкімдігі де түсініктеме берген.

«Бұл сыйлық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігі мен Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарының атынан жасалды.Туған күн иесіне құрмет ретінде тұлпарға мемлекеттік тудың элементтері бар арнайы шапан жаптық. Айта кетейік, бұл шапан үй жануарлары дүкенінен сатып алынған», делінген әкімдік хабарламасында.