Оқиға 10 қараша күні кешке Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болды.
Құбыр № 16 мектептің жанында жарылған. Оқиға салдарынан пайда болған «субұрқақтың» биіктігі бірнеше метрге жетеді.
«Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен орналасқан Шәріпов көшесінде құбыр жарылды. Жергілікті жерде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Су тасқынын жою үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек жарияланады», деп хабарлады қаланың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.