Дулат Бекбауов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін Амманда өткен 2022 жылғы чемпионатта Бекбауов түрікмендік Сапармырат Одаев пен қырғыз Жақсылық Талайбековты жеңген болатын. Дулаттың әуесқойлық жетістіктеріне келер болсақ, ол Қазақстан чемпионы, ал биылғы жылы Софияда (Болгария) өткен «кіші әлем чемпионатының» – «Странджа» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды.