• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 10 Қараша, 2022

Астана әкімі жастармен және спорт өкілдерімен кездесті

279 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында спорт өкілдерімен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жастармен және спорт өкілдерімен кездестім. Еркін микрофон форматында өткен жиында ниет білдірген кез келген адам сұрақтарын қойды. Мысалға олардың қатарында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім беру саласында түрлі оқыту жобаларын енгізу, спорт орталықтарын ашу, жас спортшыларды қолдау және т.б. бар.

Мұндай кездесулер қиындықтарды тиімді әрі жылдам шешуге, проблемаларды назарда ұстауға мүмкіндік береді.

Мәселен осыған дейін жаттықтырушылар мен спортшыларға жеке медициналық мекеме бөлу туралы проблема көтерілген болатын. Себебі олар кәсіби тексерулерді өзге пациенттермен қатар өтіп, бірге емделетін. Ал бұл спортшылардың дайындық сапасы мен сауықтыру процесіне кері әсер ететін. Осы мәселені бірлесе талқылағаннан кейін спортшыларға арналған арнайы медициналық орталық (А-82 көшесіндегі «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының жанында) ашылды», деп жазды әкім.

Министрдің айтуынша, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы және т.б. ашылып, «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайында жөндеу жұмысы жүргізілді. «Қазақстан» спорт кешенінде қайта жөндеу және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталмыш орындарда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығып жүр. Тағы екі елді мекенде дәл осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Бұқаралық спортты қаржыландыруды 3 есеге артты.

2020-2021 жылдары жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 50%-ға, биыл тағы 25%-ға артты. Ал кадр тапшылығын шешу үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша гранттар бөлеміз.

Сол сияқты жастарды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жастар желісі бойынша бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бар. Өткен жылы жеңілдетілген несиелеу бойынша арнайы «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасын енгіздік. 2 жыл ішінде 3,4 млрд теңгеге несие берілді. Өзге бағдарлама – жалға алу бойынша 3 жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға 2,5 мыңға жуық пәтер берілді.

«Маңызды мәселелердің бірі – жұмысқа орналасу. Өткен жылы 6 мың жас жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар береміз.

Ауқымды әрі жүйелі жұмыс жасалды, бірақ әлі де атқарылатын шаруа көп. Келіп түскен сұрақтарды шешу мәселесі қолға алынды, орындау кестесін жасаймыз», деп жазды Алтай Көлгінов.