Денсаулық сақтау министрлігі науқастар бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 қарашадағы мәлімет бойынша, 759 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.