• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қараша, 2022

«Риддер ЖЭО» қазандығындағы апат жойылды

343 рет
көрсетілді

Жақын арада қазандық желіге қосылып, Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Риддер жылу орталығының 6 нөмірлі жоғары қысымды қазандығында штаттан тыс жағдай орын алғаны хабарланған еді. ТЖ штабының мәліметінше, 2022 жылғы 11 қарашада сағат 8:00-де ЖЭО-да температура 57/44 градусты құрады. Сыртқы ауа температурасы - 2 градус.

«Қазір жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істейді. № 6 қазандықта апат жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізіліп, сағат 8:00-де қазандық агрегатын жағу басталды. Алдағы сағаттарда қазандық желіге қосылып, жылу беріледі. Қала бойынша энергия тұтыну 9 Мвт құрайды (бұған дейін 12-19 МВт аралығында болған). Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келетінін білдіреді», деп хабарлайды штаб.

Сонымен қатар, бүгін ЖЭО-ға қосымша 4 мазут цистернасы жеткізілді.