• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қараша, 2022

Самарқанда Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданады

429 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан түркітілдес мемлекеттермен достық және тату көршілік қатынастарды дамытуға күш салып келеді. Соның бір айғағы – еліміздің бастамасымен қабылданған «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжаты. Оны іске асыру үшін бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданбақ», деді Президент саммит барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған құжат түркітілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етеді.

«Бұл құжат елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге және тұрақтылық белдеуін нығайтуға ықпал етері сөзсіз. Сондықтан, ынтымақтастығымыздың болашағы зор деп айтуға толық негіз бар. Біз өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуге белсене атсалысып, қуатты күшке айналуымыз керек. Қазір геосаяси, геоэкономикалық қайшылықтар салдарынан Еуразиядағы экономика және көлік-логистика жүйесі ыдырап барады. Сын-қатерлерді еңсеру үшін  күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет», деді Мемлекет басшысы.