Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің декларациясы;
- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама;
- Түркі мемлекеттері ұйымы рәсімдерінің ережелерін қабылдау туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын және оның орынбасарларын, сондай-ақ Түркі академиясының президенті мен вице-президентін тағайындау туралы шешім;
- Түркі инвестициялық қорын құру туралы шешім.