• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2022

Кореяда коронавирус қайта өршіді

232 рет
көрсетілді

Корея Республикасында өткен тәулікте коронавирустың 54 мың 519 жаңа жағдайы анықталды. Жұқтырғандардың жалпы саны 26 млн 91 мың 539 адамға жетті. Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өткен аптада COVID-19-дың орташа тәуліктік көрсеткіші 47 мың 268 болды.

Шетелден келгендерден 49 жаңа жағдай тіркелді. Мұндай инфекциялардың жалпы саны 70 мың 320-ға жетті. Елдегі 345 науқас ауыр хәлде, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 22-ге көп.

Соңғы жаңалықтар