• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қараша, 2022

Руслан Желдібай Президенттің ТМҰ саммитіндегі мәлімдемесін түсіндірді

349 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіндегі Президенттің мәлімдемесін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішіне орай жасағанын атап өткім келеді.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан», деп жазды Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты.