12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 796 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 79 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.