• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2022

Кей өңірлерде тұман түсіп, жауын-шашын болады

196 рет
көрсетілді

Синоптиктер 13,14 және 15 қараша күндері кей өңірлерде тұман түсіп, жауын-шашын болатынын және жел күшейетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с-ке жетеді.

Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды. 14 қарашада Түркістан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.

13 қараша Шымкентте тұман болады. 

Осы күні Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 25 м/с-ке жетеді. 13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болуы мүмкін.

13 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. 14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын болады.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай қаласында 13 қарашада жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады.