Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. - 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.