• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2022

Алматыда сайлау күні 54 инватакси қызмет көрсетеді

321 рет
көрсетілді

Алматы қаласында сайлау құқығы бар мүмкіндігі шектеулі 43 000-нан астам адам тұрады. Соның ішінде 6209 адамға дауыс беру кезінде ерекше жағдай қажет, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК-ға сілтеме жасап.

«Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Барлық сайлау учаскелері бірінші қабаттарда орналасқан, пандустар мен тактильді көрсеткіштер бар. Бұдан басқа, сайлау учаскелерінде жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта мониторы бар компьютерлер қарастырылған. Сондай-ақ дауыс беру күні 54 инватакси қызмет етеді», деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.