• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 13 Қараша, 2022

Маңғыстауда 130 рет табиғат қорғау заңнамасы бұзылған

96 рет
көрсетілді

20 қазаннан бастап Маңғыстау облысының аумағында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Операцияның 23 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 130 дерегі анықталды

«Оның ішінде 3 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 127 адам жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп жазылған аймақтық ПД таратқан  хабарламада.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шаралар Маңғыстау облысында 19 қарашаға дейін жалғасады.