Әлеуметтік желіде Бішкек орталығындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бішкектегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға Жеңіс алаңында азиат нәсілді адамдар арасында жанжал болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Бұл фактіні Бішкек қаласының Свердлов ауданы ІІБ тексеріп жатыр.
Қазіргі уақытта Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.