Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында биыл 5 маусымда өткен республикалық референдумды бағалау бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының қорытынды есебі талқыланды.
Орталық сайлау комиссиясының тарихында беделді халықаралық институттардың бірінің халықаралық байқау нәтижелері ашық кәсіби пікірталас алаңына тұңғыш рет шығарылып отырғанын айта кету керек.
Сарапшылар кеңесінің салалық және географиялық құрамы әртүрлі. Негізгі бөлігін белгілі заңгер, конституционалистер құрайды. Сондай-ақ кеңес құрамында сот, әкімшілік, қылмыстық, халықаралық құқық және әділет саласындағы ғалымдар бар. Саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты салалардың зерттеушілері кеңестің әлеуетін едәуір арттырды. Қала берді, сайлау жүйесіндегі сарапшылардың, аумақтық сайлау комиссиялары өкілдері қатысуының маңыздылығы да ескерілді.
Кеңес отырысына кезектен тыс Президент сайлауын байқауды жүзеге асыруға келген миссиялардың өкілдері шақырылды. Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау саласындағы талдаушы Ксавьер Нок, ТМД атқарушы комитетінің кеңесшісі Олег Кулеба, ТМД ПАА хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет және ТМД миссиясы штабының мүшесі және ТМД ПАА Кеңесі бас хатшысының кеңесшісі Сергей Караваев бар.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ашық тұрақты талдамалық платформа ретінде кеңестің ықпалы жоғары екенін айтты. Сарапшылық қоғамдастықтың негізгі функциясы – ОСК мен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл арнасы ретінде қызмет ету. Сондай-ақ кеңес формалды орган емес, динамикалық және генеративті ой фабрикасына айналатынына сенім білдірді.
Кеңесте сайлау заңнамасы жүйесіндегі референдумнан кейінгі өзгерістердің серпінді үдерісі де назардан тыс қалмады, президенттік сайлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы айтылды.
Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ-ның мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сайлау стандарттарын іске асырудағы және енгізудегі маңызды рөлін, сайлауды халықаралық байқауда ұстайтын жас демократиялық елдер үшін пайдасы туралы айтты. ДИАҚБ-мен кездесулер тұрақты консультациялар форматына көшкенін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, 5 қазанда референдумды бағалау жөніндегі миссияның есебі жарияланды. Бұл маңызды бағалау құжаты әлі де зерттеліп, мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланады.
Белгілі ғалым, еліміздің құрметті заңгері Марат Қоғамов халықаралық байқаушылардың бірқатар бағалауын атап өтті. Отырысқа қатысқандар сайлаудың тұрақты институционалдық негізінің болуы, дайындық іс-шараларын тиімді өткізу, референдум үдерісінің барысын уақтылы ұйымдастыру және нәтижелердің түпнұсқалылығы жайлы ой бөлісті. Бұл ретте, Қазақстанның сайлау үдерістері мен сайлау заңнамасын дамытудағы халықаралық тәжірибенің елеулі ықпалын атап өтті.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Лейла Жанұзақова қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бас бостандығынан айыруға сотталған және әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға сайлау құқығын беру ерте деп есептейді. Заң ғылымдарының докторы, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ профессоры Индира Әубәкірова сараланған тәсілді қолданатын елдердің халықаралық тәжірибесін ескеруге және сотталғандарды қылмыстың ауырлығы мен сипатына қарай ажырату мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.
«Біз дамып жатқан прогрессивті халықаралық үрдістерді бұзбай, әдепті және мәмілеге келуге икемді болуымыз керек. Екінші жағынан, құқықтық ұстанымдарды да, біздің тарихи және саяси нақтылықты да ескере отырып шешілуге тиіс», деді Нұрлан Әбдіров.
Профессор және «Кәсіби заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Эдуард Мұхамеджанов қаржылық реттеу мәселелеріне назар аудара отырып, заңнамалық деңгейде референдумды дайындау мен өткізуді, атап айтқанда үгіт мәселелері бойынша аралас қаржыландыру фактісін мойындауды ұсынды. Ол референдум туралы заңды одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қорытындылай келе, бостандық пен демократия дәрежесін шектеу қаупінің бар екенін мойындай отырып, оның ережелерін шамадан тыс реттеуден сақтандырды.
Жиын барысында ақпараттық жариялау мәселелері де назардан тыс қалмады. Бірқатар сарапшы ішінара ұсынылған конституциялық түзетулердің мәні мен олардың ықтимал әсеріне қатысты сайлаушылармен түсіндіру жұмыстарына қатысты халықаралық байқаушылардың ұсынысын қолдады.
Сарапшылық кеңестің мүшесі Ерлан Бузурбаев әріптестерінің назарын референдумға шығарылатын мәселенің мазмұнын «тиісінше» немесе «тиісінше емес» түсіндіру өлшемдерінің жоқтығына аударды. Бұл ДИАҚБ миссиясының осы мәселе бойынша бағалау пайымдауларын жеткілікті түрде айқындамайды. Сондай-ақ сайлау ұйымдастырушылардың өкілеттіктеріне референдумға шығарылатын мәселенің мәнін түсіндіру кірмейтінін, бұл жобаны әзірлеушінің құзыреті болып табылатынын еске салды. Әйтпесе, бұл бейтараптықты сақтауға міндетті орган үшін қолайсыз жасырын үгіт ретінде қарастырылады.
Сарапшылардың ерекше идеяларының ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шеңберінде референдум түрлерін кеңейту, тек жергілікті қоғамдастық үшін қызығушылық тудыратын мәселелердің белгілі бір түрлері бойынша жергілікті плебисциттерді өткізу мүмкіндігін қосу туралы ұсынысты атап өтуге болады.
Алдын ала сарапшылар ДИАҚБ есебіне егжей-тегжей контент талдау жүргізген. Отырыстың өзі қызу пікірталас форматында өтті: перспективалар мен тәжірибелердің кең спектрі ұсынылды, назар аударарлық балама көзқарастар мен қызықты идеялар айтылды. Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінің өңірлік ерекшеліктері жан-жақты баяндалды.
ДИАҚБ миссиясының жекелеген ұсыныстарына қатысты сарапшылардың түрлі пікірлері референдум туралы заңға елеулі жаңарту қажеттілігі туралы бірауыздан қолдау тапты.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылау үшін зияткерлік алаңды қалыптастыруға сұраныстың айқындығын, сондай-ақ сайлау үдерістерінің кәсіби көзқарасын ілгерілету қажеттігінің бар екенін атап өтті.