Қарағанды облысынан Ұлытауға 19 миллион гектарға жуық жерді беру туралы қаулыға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қаражал, Жаңаарқа және Ұлытау облыстарының жалпы ауданы 18 893 661 гектар жерді алып тастау арқылы Қарағанды облысының шекарасы өзгертілсін», делінген Үкімет қаулысында.
Құжатта Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қаражал, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жерлерін қосу арқылы жалпы көлемі 18 893 661 гектар Ұлытау облысының шекарасы белгіленді.