• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2022

Орал тұрғынынан қару тәркіленді

289 рет
көрсетілді

Полицейлер Орал қаласының тұрғынынан қару-жарақ тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері БҚО Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы азаматты ұстады.

Одан тапанша,  жауынгерлік винтовка, оптикалық көздіруі бар травматикалық винтовкаға, 9 мм-ден 6 патрон тәркіленген. Үй иесі алау тапаншасын жауынгерлік тапаншаға айырбастап, қару-жарақ дүкенінен травматикалық винтовка сатып алғанын, бірақ оның құжаттарын жоғалтып алғанын түсіндірді.

Айта кетейік, аталған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі «Заңсыз қару сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, бірқатар тексерулер тағайындалды.