• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қараша, 2022

ҰҚК трансшекаралық қылмыстық топты ұстады

249 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері үш елдің шекарасынан заңсыз адам өткізумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 21 қазанда ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топтың белсенді қатысушысы 700 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталған. Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды.