• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қараша, 2022

Әзербайжан елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне тағы шақырылды

160 рет
көрсетілді

Әзербайжан елшісі Али Ализаде Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған «Әзербайжан азаматтарының ел аумағында жасаған қылмыстық әрекеттеріне байланысты» наразылық нотасы табысталған.

Еске салайық, 10 қарашада Әзербайжан Республикасының Тегерандағы елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ол кезде Әзербайжан ресми тұлғаларының Иран Ислам Республикасына қарсы жалғасып жатқан наразылықтарды насихаттауы себеп болған еді.