• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Видео 14 Қараша, 2022

Қытайда Tesla көлігі апатқа ұшырады

353 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына қарасты Чаочжоу қаласында Tesla көлігінің басқару жүйесі жүргізуші пәрменіне бағынбай жол апатына ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апаты көліктің бағдарламалық жасақтамасының дұрыс жұмыс істемей қалуынан туындаған. Соның кесірінен көлік максималды жылдамдыққа ауысып, басқарылмайтын жүйеге түсіп қалған. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады. 

Оқиға Чжан есімді жүргізуші Tesla Model-Y көлігін тұраққа қойып жатқан сәтте болған. Жүргізуші түсініксіз жағдайда басқаруды жоғалтып алған. Машина жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқанда екі мотоциклші мен велосипедшіні соғып өткен. Жүргізуші бірнеше рет тежегішті басып көлікті тоқтатпақ болған. Бірақ одан нәтиже шықпаған. 

Жүргізуші алкоголь немесе есірткі қолданбаған. Tesla компаниясы көлікке тексеру жүргізуге, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетуге уәде берді.