• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 14 Қараша, 2022

Жас педагогтердің тәжірибе алаңы

517 рет
көрсетілді

Жетісу облысындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық форум ұйымдастырылды. Форумға 130-дан аса жас маман қатысты.

Жастарға өмірлік тәжі­ри­бе­­лерімен бөлісу үшін Жеті­су облысы білім басқар­ма­сының басшысы Айжан Адам­бекова, «Future-IT» робот­­тех­ника мектебінің жетек­шісі Дамир Нұркежанов, «Zhetysu University» имидж орталығының директоры Дамир Дигай шақырылды.

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумы – өте маңызды іс-шара. Облыс бо­йынша бізде 1 800-ден аса жас ұстаз бар. Соның ішінде биылғы оқу жылында 600 жас ұстаз келді. Форум қатысушылары бір-бірімен араласып, тәжірибе алмасып, жаңа идея алып және табысқа қалай жетуге болады деген сұрақтарына жауап ала алады деген сенімдемін», деді А.Адамбекова.

Форумға қатысушылар та­қырыптық алаңдарда бас қосып, «Сабақ құрастыру: жи­нақтаймыз және қолдана­мыз», «Функционалды сауат­сыздық: тапшылықты қа­лай толтыруға болады?», «Инк­люзивті білім: жанама тә­жі­рибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану» сынды өзек­ті мәселелерді қозғаған жиы­н­­дарда бас қосты. Сонымен қа­­тар «Эмоциялық мәдениет» тренингі, жас ұстаздардың шеберлік сабақтары, ACTIVE SPOT ұйымдастырылды.

«Қазіргі кезде кәсіби дең­гейі жоғары мамандар даяр­лап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету – дәл сондай көкейкесті мәселе. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екенінде дау жоқ», деді Тал­дықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орта­лы­ғы филиалының аға менед­жері Гаухар Қазығұлова.

Форум жас ұстаздардың мек­теп­те оқытудың қазіргі заманғы үрдістерін талқылау, зияткерлік дағдыларды дамыту және цифрлық мүмкіндіктерді танымал ету үшін бірыңғай алаңға айналып үлгерді. Өйт­кені форум мұғалімдердің кәсіби тұрғыда табысты болуы­на бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандырады.

«Форум өте жақсы өтті. Психологиялық, эмоционалдық тұрғыда оқушылармен жұмыс, өзімізге керекті онлайн платформаларды, оқушылардың ғылыми-шығармашылық, зерт­­теушілік ізденісін қалыптастыру жолдарын білдік. Педагогикалық шеберханаларға қатысып, тәжі­рибелер панорамасының түрлі тақырыптағы мазмұнымен таныстым», деді Көксу ауданындағы Биғайша Құнтақбаева атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Аслан Рафиков.

Еліміздің барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында жалпы білім беретін мектептерден 3 мыңнан аса жас маман қатысты.

 

Жетісу облысы