Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тоғызыншы саммитінде жол картасы саналатын маңызды бірқатар құжатқа қол қойды.
Ұйымға мүше Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары Самарқандтағы «Мәңгілік қала» орталығында бас қосты. Қол қойылған құжаттарда Самарқанд декларациясы, ұйымның 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, мүше мемлекеттер арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық, жеңілдетілген кедендік дәліздерді құру және сауда стратегиялары туралы келісімдер бар.
Сондай-ақ Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама, Түркі мемлекеттері ұйымы жарғысын бекіту, ұйымның бас хатшысы мен көмекшілерін, Түркі академиясы төрағасы мен төраға орынбасарын тағайындау туралы шешім қабылданды. Түркі инвестициялық қорын ашуға келісті.
Бұған дейін Түркі кеңесі немесе Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі – өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты тереңдету мақсатында жұмыс істейтін тәуелсіз түркі елдерінен тұратын халықаралық ұйым болды.